Оқиға

Мәскеуде 6 рет оқ атты – қазақстандық ММА шебері оқиғаның мән-жайын баяндады

"Қазақ" лақап атымен танымал Бағдат Дүйсембаев жанжал кезінде жарақат алды. Күзетшілер оған алты рет оқ атқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаев Мәскеуде болған жанжалдың неден басталғанын және қалай оқ атылғанын айтып берді. Қазіргі кезде спортшының жағдайы жақсы, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды РЕН-ТВ.
Сол күні таңертең спортшы достарымен бірге Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға барған. Оларға картаны жеңілдікпен сатуға берген. Спортшылар көлікті тұраққа қойып, далаға шыққанда күзетшілер келген. Олар басқаларға кедергі жасамау үшін тура бес минуттан кейін көлікті алып тастау қажеттігін айтыпты.
Алайда спорт клубының қызметкерлері бөгеліп қалған. Сол кезде күзетші тағы келіп, Дүйсембаев пен оның достарынан көлікті алып тастауды талап еткен.
"Мен сабырға шақырып, бір-біріміздің басымызды қатырмай-ақ қояйықшы дедім. Ол былай қарай кетіп қалды да, қазір көреміз деді. Бес минуттан кейін шықты, сосын тағы бір жерге кірді, тағы шықты. Бір кезде тапаншаны алып шықты да, оқтай бастады", – дейді Дүйсембаев.
"Қазақ" оқ атады деп ойламаған. Себебі жанжал қатты шиеленіспеген.
"Ондайлар көп қой, аспанға атып, қорқытады. Тура солай істейді деп ойладым. Ештеңе сұраған да жоқ, ештеңе айтқан да жоқ. Оқ ата бастады", – деп атап өтті спортшы.
Оның айтуынша, сол күні болған жағдайды "жанжал" деп айтуға да келмейді. Себебі екеуінің арасындағы келіспеушілік оқ ату былай тұрсын, төбелеске де татымайды.
Спортшы екі оқ тиген кезде есеңгіреп қалған. Бірақ аман қалды. Ауруханада Дүйсембаевтың денесінен үш сағаттың ішінде бес оқ алған.
Оқиға
Қазақстандық ММА шеберін Мәскеуде атып кетті — БАҚ