https://sputnik.kz/20220218/maskeude-6-ret-oq-atty-qazaqstandyq-mma-sheberi-oqiganyn-man-zhayyn-bayandady-22897504.html
Мәскеуде 6 рет оқ атты – қазақстандық ММА шебері оқиғаның мән-жайын баяндады
Мәскеуде 6 рет оқ атты – қазақстандық ММА шебері оқиғаның мән-жайын баяндады
Sputnik Қазақстан
"Қазақ" лақап атымен танымал Бағдат Дүйсембаев жанжал кезінде жарақат алды. Күзетшілер оған алты рет оқ атқан 18.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-18T09:27+0500
2022-02-18T09:27+0500
2022-02-18T09:40+0500
оқиға
мма
спортшы
аралас жекпе-жек
https://sputnik.kz/img/341/23/3412324_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_1f100460d396644928711153729a2da0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаев Мәскеуде болған жанжалдың неден басталғанын және қалай оқ атылғанын айтып берді. Қазіргі кезде спортшының жағдайы жақсы, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды РЕН-ТВ.Сол күні таңертең спортшы достарымен бірге Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға барған. Оларға картаны жеңілдікпен сатуға берген. Спортшылар көлікті тұраққа қойып, далаға шыққанда күзетшілер келген. Олар басқаларға кедергі жасамау үшін тура бес минуттан кейін көлікті алып тастау қажеттігін айтыпты.Алайда спорт клубының қызметкерлері бөгеліп қалған. Сол кезде күзетші тағы келіп, Дүйсембаев пен оның достарынан көлікті алып тастауды талап еткен."Қазақ" оқ атады деп ойламаған. Себебі жанжал қатты шиеленіспеген."Ондайлар көп қой, аспанға атып, қорқытады. Тура солай істейді деп ойладым. Ештеңе сұраған да жоқ, ештеңе айтқан да жоқ. Оқ ата бастады", – деп атап өтті спортшы.Оның айтуынша, сол күні болған жағдайды "жанжал" деп айтуға да келмейді. Себебі екеуінің арасындағы келіспеушілік оқ ату былай тұрсын, төбелеске де татымайды.Спортшы екі оқ тиген кезде есеңгіреп қалған. Бірақ аман қалды. Ауруханада Дүйсембаевтың денесінен үш сағаттың ішінде бес оқ алған.
https://sputnik.kz/20220217/mma-sheberi-duysebaev-22883294.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/341/23/3412324_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_c5d6169a1cb87a1aeb1febfcad67ee4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мма, спортшы, аралас жекпе-жек
мма, спортшы, аралас жекпе-жек
Мәскеуде 6 рет оқ атты – қазақстандық ММА шебері оқиғаның мән-жайын баяндады
09:27 18.02.2022 (жаңартылды: 09:40 18.02.2022) "Қазақ" лақап атымен танымал Бағдат Дүйсембаев жанжал кезінде жарақат алды. Күзетшілер оған алты рет оқ атқан
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаев Мәскеуде болған жанжалдың неден басталғанын және қалай оқ атылғанын айтып берді. Қазіргі кезде спортшының жағдайы жақсы, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды
РЕН-ТВ. Сол күні таңертең спортшы достарымен бірге Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға барған. Оларға картаны жеңілдікпен сатуға берген. Спортшылар көлікті тұраққа қойып, далаға шыққанда күзетшілер келген. Олар басқаларға кедергі жасамау үшін тура бес минуттан кейін көлікті алып тастау қажеттігін айтыпты.
Алайда спорт клубының қызметкерлері бөгеліп қалған. Сол кезде күзетші тағы келіп, Дүйсембаев пен оның достарынан көлікті алып тастауды талап еткен.
"Мен сабырға шақырып, бір-біріміздің басымызды қатырмай-ақ қояйықшы дедім. Ол былай қарай кетіп қалды да, қазір көреміз деді. Бес минуттан кейін шықты, сосын тағы бір жерге кірді, тағы шықты. Бір кезде тапаншаны алып шықты да, оқтай бастады", – дейді Дүйсембаев.
"Қазақ" оқ атады деп ойламаған. Себебі жанжал қатты шиеленіспеген.
"Ондайлар көп қой, аспанға атып, қорқытады. Тура солай істейді деп ойладым. Ештеңе сұраған да жоқ, ештеңе айтқан да жоқ. Оқ ата бастады", – деп атап өтті спортшы.
Оның айтуынша, сол күні болған жағдайды "жанжал" деп айтуға да келмейді. Себебі екеуінің арасындағы келіспеушілік оқ ату былай тұрсын, төбелеске де татымайды.
Спортшы екі оқ тиген кезде есеңгіреп қалған. Бірақ аман қалды. Ауруханада Дүйсембаевтың денесінен үш сағаттың ішінде бес оқ алған.