Экономика

Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнында заңсыз майнерлер анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі тергу шараларын жүргізіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Екібастұз ГРЭС-1 желісіне майнингтік орталықтардың заңсыз қосылғаны анықталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
Агенттік Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-1 аумағында орналасқан майнингтік дата-орталықтардың электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сатуды ұйымдастырғанын анықтады.
"Бұл ретте электр энергиясы екі кәсіпорынның атына лицензиясы жоқ ЖШС арқылы келіп түскен. Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, дейді агенттіктегілер.
Экономика
Қазақстанда "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды