https://sputnik.kz/20220215/sur-maynerlerdin-mulkin-tarkileu-usynyldy-22803461.html
Қазақстанда "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды
Қазақстанда "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
"Сұр" майнерлерді энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдары құратын мобильді топтар анықтайды 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T12:42+0500
2022-02-15T12:42+0500
2022-02-15T13:11+0500
экономика
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/06/18331421_0:61:3119:1815_1920x0_80_0_0_114824d7336aa463ff7f4cd5bd340df2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағыт бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.Біріншісі, "сұр" майнерлерді энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдары құратын мобильді топтар анықтайды. Олар "револьверлік" тексеріс жүргізеді.Екіншісі, ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электр энергиясының тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерістердің нақты алгоритмі қолданылады.Ол бұл шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, энергетика және қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданатынын атап өтті.Бұдан бөлек, айтуынша, елде цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Негізгі талап – техникалық талаптарға сай болу, яғни қажетті жабдықтар, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлме мен міндеттемелердің болуы."Сондай-ақ, арнайы тариф енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық әрі түсінікті нарық қағидаттарын орнатады. Халықаралық тәжірибені ескеріп, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалады. Бұл ретте Қытай тәжірибесін қайталамас үшін нарықтың бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың елімізде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескеріледі", - деп толықтырды министр.Сонымен қатар ESG талаптарын сақтау тұрғысынан "ақ" майнерлерге тиісті міндеттемелер қойылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/06/18331421_195:0:2924:2047_1920x0_80_0_0_2e2098c190e6e910ff864bf1dc8ca381.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Қазақстанда "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеу ұсынылды
12:42 15.02.2022 (жаңартылды: 13:11 15.02.2022) "Сұр" майнерлерді энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдары құратын мобильді топтар анықтайды
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр цифрлық майнинг бойынша негізгі шаралар 3 бағыт бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.
Біріншісі, "сұр" майнерлерді энергетика министрлігі мен құқық қорғау органдары құратын мобильді топтар анықтайды. Олар "револьверлік" тексеріс жүргізеді.
Екіншісі, ұйымдардың тізімі жасалып, тұтынылатын электр энергиясының тарихи деректері құрылады және салықтық, кедендік тексерістердің нақты алгоритмі қолданылады.
"Үшіншісі, уәкілетті органдармен бірлесе отырып, ІР-адрестерге шектеу қою арқылы "сұр" майнерлердің іс-әрекетіне тыйым салу тетігі пысықталады. Сондай-ақ тиімді шешімдердің бірі – "сұр" майнерлердің мүлкін тәркілеуді заңнамада қарастыру мәселесі талқыланады", - деді Мусин үкімет отырысында.
Ол бұл шаралар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, энергетика және қаржы министрліктерімен бірлесіп қабылданатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, айтуынша, елде цифрлық майнингті лицензиялау енгізіледі. Негізгі талап – техникалық талаптарға сай болу, яғни қажетті жабдықтар, өрт қауіпсіздігі бойынша тиісті бөлме мен міндеттемелердің болуы.
"Сондай-ақ, арнайы тариф енгізу, электр энергиясын квоталау жүйесі нарық мүшелері мен жалпы мемлекет үшін ашық әрі түсінікті нарық қағидаттарын орнатады. Халықаралық тәжірибені ескеріп, салық салудың оңтайлы жүйесі айқындалады. Бұл ретте Қытай тәжірибесін қайталамас үшін нарықтың бәсекелестігін арттыру, маңызды ойыншылардың елімізде жұмыс істеуге деген ынтасын сақтау секілді тәуекелдер ескеріледі", - деп толықтырды министр.
Сонымен қатар ESG талаптарын сақтау тұрғысынан "ақ" майнерлерге тиісті міндеттемелер қойылады.