НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қапшағай қаласында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқандар ұсталды, деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
"Көліктегі полиция қызметкерлері Қапшағайдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады және 18 атыс қаруын тонады деген күдікке ілінді", - деді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекев.
Ұрланған қару тәркіленді.
Бұған дейін көліктегі полицейлер осы азаматтардың 32 жастағы сыбайласын қолға түсірген болатын. Олардың барлығы сот шешімімен қамауға алынды.