Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қапшағайда Алматыдағы қару-жарақ дүкенін тонағандар ұсталды

© Photo : Пресс-служба ДП на транспортеҚару-жарақ дүкенін тонау
Қару-жарақ дүкенін тонау - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Олардың иелігінде болған атыс қарулары тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қапшағай қаласында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысқандар ұсталды, деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
"Көліктегі полиция қызметкерлері Қапшағайдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Олар Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады және 18 атыс қаруын тонады деген күдікке ілінді", - деді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекев.
Ұрланған қару тәркіленді.
Бұған дейін көліктегі полицейлер осы азаматтардың 32 жастағы сыбайласын қолға түсірген болатын. Олардың барлығы сот шешімімен қамауға алынды.
Жаңалықтар
0