НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында браконьерлер "Охотзоопром" кәсіпорнының инспекторларына оқ атты.
Оқиға 16 ақпанда инспекторлар Қазталов ауданындағы Жұлдыз ауылына кезекті рейд жасаған кезде болды.
Инспекторлар "Боран" техникасының ізіне түскен. Браконьерлер оларға қарсылық көрсетіп, қызметтік көліктеріне оқ жаудырған.
Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ, деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Браконьерлер көліктің дөңгелегі мен бамперіне оқ атқан.
Заңа бұзушылар ізін жасырып үлгерді. Қазіргі күні полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.