Оқиға

Браконьерлер табиғат қорғау инспекторларына оқ жаудырды — видео

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
Оқиға 16 ақпанда Батыс Қазақстан облысында болған
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында браконьерлер "Охотзоопром" кәсіпорнының инспекторларына оқ атты.
Оқиға 16 ақпанда инспекторлар Қазталов ауданындағы Жұлдыз ауылына кезекті рейд жасаған кезде болды.
Инспекторлар "Боран" техникасының ізіне түскен. Браконьерлер оларға қарсылық көрсетіп, қызметтік көліктеріне оқ жаудырған.
Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ, деп хабарлады экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Браконьерлер көліктің дөңгелегі мен бамперіне оқ атқан.
Заңа бұзушылар ізін жасырып үлгерді. Қазіргі күні полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
0