Саясат

Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды қадағалап отыр - Уәли

Киев пен батыс мемлекеттері Украина шекараларындағы Ресей әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды бақылап отыр. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен кездесу барысында талқыланды. Біздің елдің президенті ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөзді жалғастыруды қолдайтынын жеткізді", - деді Берік Уәли.

Тоқаевтың айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеу принципін ұстану керек. Бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ Астана декларациясының мәтініне енген болатын.
Еске салсақ, Киев пен батыс мемлекеттері жақында Украина шекараларында Ресейдің "агрессивті әрекеттерінің" күшеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді.
Кремль мұндай айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды. Мәскеу тарапы ешкімге шабуыл жасау жоспарланып отырған жоқ деп мәлімдеді. Ал "Ресей агрессиясы" туралы мәлімдемелер НАТО-ның әскери техникасын Ресей шекараларына жақын орналастыру үшін сылтау ретінде қолданылады дегенді алға тартты.
Саясат
Украина шұғыл түрде Ресеймен кездесу өткізуге сұрау салды