https://sputnik.kz/20220214/ukraina-resey-kezdesu-22761126.html
Украина шұғыл түрде Ресеймен кездесу өткізуге сұрау салды
Украина шұғыл түрде Ресеймен кездесу өткізуге сұрау салды
Sputnik Қазақстан
Ресми Киев Байденнің "неғұрлым тезірек" келуін де күтіп отыр 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T09:38+0500
2022-02-14T09:38+0500
2022-02-14T09:39+0500
саясат
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_636cb7a70ad317f7d93e606a06086b4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Киев 48 сағаттың ішінде Ресей және Вена құжатына қатысушы-мемлекеттермен кездесу өткізуге сұрау салды. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді. Осыдан үш күн бұрын ресми Киев іргелес аймақтардағы әскери әрекеттер бойынша Мәскеуден түсініктеме беруге сұрау салған. Сол кезде Кулеба Вена құжатының 16.1.2 бабы негізінде Ресейге 48 сағат беріледі деген. Айта кетері, соңғы бірнеше ай бойы АҚШ пен Еуропа Мәскеуді Украинадағы жағдай үшін айыптап, әскерін шекарадан шалғай жерге әкетуді талап етіп келеді. Ресей әскердің өз территориясында және қауіпсіздік мақсатында ғана жүргенін мәлімдеді. Дмитрий Песковтың айтуынша, Мәскеу НАТО әскерінің ресейлік шекараға жақын жерде көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/09/9700950_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1fd6c7cb0a9bc077b4c959048d62eba6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, украина
Украина шұғыл түрде Ресеймен кездесу өткізуге сұрау салды
09:38 14.02.2022 (жаңартылды: 09:39 14.02.2022) Ресми Киев Байденнің "неғұрлым тезірек" келуін де күтіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Киев 48 сағаттың ішінде Ресей және Вена құжатына қатысушы-мемлекеттермен кездесу өткізуге сұрау салды.
Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді. Осыдан үш күн бұрын ресми Киев іргелес аймақтардағы әскери әрекеттер бойынша Мәскеуден түсініктеме беруге сұрау салған.
Сол кезде Кулеба Вена құжатының 16.1.2 бабы негізінде Ресейге 48 сағат беріледі деген.
"Ресей біздің Вена құжаты бойынша салған сұрауымызға жауап бермеді. Енді, біз келесі шешімді қабылдадық. Украина уақытша оккупацияланған Қырым мен біздің шекарамыздың бойымен РФ әскерінің қозғалысын талқылау мақсатында 48 сағаттың ішінде Ресеймен және Вена құжатына қатысушы-мемлекеттермен кездесу өткізуге сұрау салып отыр", - деп жазды министр өзінің Twitter парақшасында.
Айта кетері, соңғы бірнеше ай бойы АҚШ пен Еуропа Мәскеуді Украинадағы жағдай үшін айыптап, әскерін шекарадан шалғай жерге әкетуді талап етіп келеді. Ресей әскердің өз территориясында және қауіпсіздік мақсатында ғана жүргенін мәлімдеді.
Дмитрий Песковтың айтуынша, Мәскеу НАТО әскерінің ресейлік шекараға жақын жерде көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр.