АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Петропавлда үш жасар қыз жоғалып кетті. Баланы ертіп жүрген әжесі қыздың қайда екенін түсіндіре алмаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызды қоғамдық көліктің жүргізушісі соңғы аялдамаға келгенде байқаған. Содан кейін оны полицияның стационарлық пунктіне алып келген. Табылған қыз туралы ақпаратты полицияның учаскелік инспекторы Жанбота Қайыркенов Петропавл полициясының жедел басқару орталығына жеткізді.
"Оны көтеріп едім, бірден жылауын тоқатты. Тәтті сатып әпердік. Бала анасының атынан басқа ештеңе айта алмады", - деді учаскелік инспектор.
"102" нөміріне ешкім хабарласпағандықтан, қыз Петропавлдағы полиция бөлімшесінде бір сағаттан артық уақыт болды. Оған ювеналды полиция инспекторы Виолетта Моисеева келді.
Артынша қыздың автобуста әжесімен бірге келе жатқанда ұйықтап қалғаны белгілі болды. Жолда зейнеткердің жағдайы нашарлаған. Өзі үйіне қалай жеткенін білмейді.
Қыздың анасы баланың жоғалып кеткенін білгеннен кейін іздей бастаған. Жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлаған, ондағылар бала қаланың екінші шетіндегі полиция модулінде екенін айтқан. Фотодан анасы қызын таныды.