Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімдігінің бір бөлігі бұрынғы ЦУМ-ға көшеді

Sine Tempore ғимараты қалалық әкімдіктің дәл жанында орналасқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Sine Tempore (бұрынғы ЦУМ) ғимаратын неге сатып алғанын түсіндірді.
Елорда әкімдігінің ақпаратынша, бүгінде әкімдіктің ведомствоға бағынышты 30-дан астам ұйымы мен басқармасы жеке тұлғалардан орын-жайларды жалға алады. Осылайша жыл сайын аренда үшін 1 миллиард теңгеге жуық ақша төлейді. Жалдау құны жыл сайын өсетінін ескерсек, бұл сома одан әрі арта береді.
"Осы айтылғандарды және ұйымдардың әртүрлі ауданда орналасқанын ескерсек, әкімдік басқармалары мен ведомствоға бағынышты ұйымдарға жеке бір ғимарат қажет. Ал "Sine Tempore" ғимаратын сатып алу арқылы ақшаны үнемдеп қана қоймай, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік туады", - делінген хабарламада.
2020 жылы екі компания бұрынғы ЦУМ ғимаратына бағалау жүргізген. Нәтижесінде бір компания 12,6 миллиард теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 миллиард теңге көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ғимарат 9,5 миллиард теңгеге бағаланды.
Ғимаратты қалалық мәслихаттың келісімімен ұсынылған ең төменгі сомаға сатып алды.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға нақтылағандай, қалалық әкімдік өз ғимаратында қалады. Жаңа ғимаратқа бұған дейін аренда төлеп келген басқармалар мен ведомствоға бағынышты ұйымдар ғана көшеді.
Елорда тынысы
Биыл елордада екі жаңа көпір ашылады – видео
Еске салсақ, 2017 жылы наурызда елорда әкімдігі бұрынғы ЦУМ ғимараты бір жылдан кейін сүрілетінін мәлімдеген еді. Қала билігі оның орнына жаңа сауда кешенін салуды жоспарлаған болатын.