https://sputnik.kz/20220215/nur-sultan-akimdigi-tsum-22812411.html
Нұр-Сұлтан әкімдігінің бір бөлігі бұрынғы ЦУМ-ға көшеді
Нұр-Сұлтан әкімдігінің бір бөлігі бұрынғы ЦУМ-ға көшеді
Sputnik Қазақстан
Sine Tempore ғимараты қалалық әкімдіктің дәл жанында орналасқан 15.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-15T15:20+0500
2022-02-15T15:20+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
әкімдік
астана
https://sputnik.kz/img/181/58/1815828_0:0:1855:1043_1920x0_80_0_0_b08ab2fbd1c537c49aeb8ff43bdeb9df.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Sine Tempore (бұрынғы ЦУМ) ғимаратын неге сатып алғанын түсіндірді.Елорда әкімдігінің ақпаратынша, бүгінде әкімдіктің ведомствоға бағынышты 30-дан астам ұйымы мен басқармасы жеке тұлғалардан орын-жайларды жалға алады. Осылайша жыл сайын аренда үшін 1 миллиард теңгеге жуық ақша төлейді. Жалдау құны жыл сайын өсетінін ескерсек, бұл сома одан әрі арта береді."Осы айтылғандарды және ұйымдардың әртүрлі ауданда орналасқанын ескерсек, әкімдік басқармалары мен ведомствоға бағынышты ұйымдарға жеке бір ғимарат қажет. Ал "Sine Tempore" ғимаратын сатып алу арқылы ақшаны үнемдеп қана қоймай, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік туады", - делінген хабарламада.2020 жылы екі компания бұрынғы ЦУМ ғимаратына бағалау жүргізген. Нәтижесінде бір компания 12,6 миллиард теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 миллиард теңге көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ғимарат 9,5 миллиард теңгеге бағаланды.Ғимаратты қалалық мәслихаттың келісімімен ұсынылған ең төменгі сомаға сатып алды.Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға нақтылағандай, қалалық әкімдік өз ғимаратында қалады. Жаңа ғимаратқа бұған дейін аренда төлеп келген басқармалар мен ведомствоға бағынышты ұйымдар ғана көшеді.Еске салсақ, 2017 жылы наурызда елорда әкімдігі бұрынғы ЦУМ ғимараты бір жылдан кейін сүрілетінін мәлімдеген еді. Қала билігі оның орнына жаңа сауда кешенін салуды жоспарлаған болатын.
https://sputnik.kz/20200525/elorda-kopir-video-14057224.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/181/58/1815828_92:0:1483:1043_1920x0_80_0_0_2d265c6d656f74a8cba531b86d0a4c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімдік, астана
Нұр-Сұлтан әкімдігінің бір бөлігі бұрынғы ЦУМ-ға көшеді
15:20 15.02.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Sine Tempore ғимараты қалалық әкімдіктің дәл жанында орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Sine Tempore (бұрынғы ЦУМ) ғимаратын неге сатып алғанын түсіндірді.
Елорда әкімдігінің ақпаратынша, бүгінде әкімдіктің ведомствоға бағынышты 30-дан астам ұйымы мен басқармасы жеке тұлғалардан орын-жайларды жалға алады. Осылайша жыл сайын аренда үшін 1 миллиард теңгеге жуық ақша төлейді. Жалдау құны жыл сайын өсетінін ескерсек, бұл сома одан әрі арта береді.
"Осы айтылғандарды және ұйымдардың әртүрлі ауданда орналасқанын ескерсек, әкімдік басқармалары мен ведомствоға бағынышты ұйымдарға жеке бір ғимарат қажет. Ал "Sine Tempore" ғимаратын сатып алу арқылы ақшаны үнемдеп қана қоймай, "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік туады", -
делінген хабарламада.2020 жылы екі компания бұрынғы ЦУМ ғимаратына бағалау жүргізген. Нәтижесінде бір компания 12,6 миллиард теңгеге бағаласа, екіншісі 11,7 миллиард теңге көрсетті. Ал 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ғимарат 9,5 миллиард теңгеге бағаланды.
Ғимаратты қалалық мәслихаттың келісімімен ұсынылған ең төменгі сомаға сатып алды.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі
Sputnik Қазақстанға нақтылағандай, қалалық әкімдік өз ғимаратында қалады. Жаңа ғимаратқа бұған дейін аренда төлеп келген басқармалар мен ведомствоға бағынышты ұйымдар ғана көшеді.
Еске салсақ, 2017 жылы наурызда елорда әкімдігі бұрынғы ЦУМ ғимараты бір жылдан кейін сүрілетінін мәлімдеген еді. Қала билігі оның орнына жаңа сауда кешенін салуды жоспарлаған болатын.