НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 15-17 ақпан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, Шығыс циклоны артынан Қара теңіз аудандарынан антициклон ығысады. Осылайша, солтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы төмендейді. Сынап бағанасы 15 ақпан мен 16 ақпанға қараған түні 18-23°C, кейбір аймақта 27°C аязды көрсетеді.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында антициклонның ығысуына қарай 17 ақпанда жауын-шашын тоқтап, күн суытады деп болжанып отыр. Бұл күндері түнде шығыс өңірлерде 25-30 градус, оңтүстік-шығыста 20-25 градус аяз болады.
15 ақпандағы ауа райына болжам
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -10, күндіз -12 градус.
Алматыда күн бұлтты, қар жауады. Түнде 0, күндіз -3 градус суық.
Шымкентте жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Түнде -4, күндіз +1 градус.