Қоғам

ТЖ министрлігі өткен тәулікте 37 адамды құтқарды

© Photo : ДЧС г. Нур-СултанаСнежный занос
Снежный занос - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Жазылу
ТЖ министрлігі азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында дабылды ескерту жарияланды.
Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.
"Елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, соның ішінде 2 бала құтқарылды. 10 автокөлік қар құрсауынан шығарылды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысының Арқалық қаласынан 20 шақырым жерде "Арқалық-Амангелді" автожолында құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөліктен 17 адамды, соның ішінде екі баланы құтқарды. Жолаушылар Арқалық қаласына жеткізілді. Олардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 2 жеңіл автокөлік жолдан шығып кетті. ТЖ қызметкерлері көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Автокөлік салонында 4 жолаушы болған. Олар медициналық көмекке жүгінген жоқ.
Заснеженная аллея в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Өңірлер
Ақпанда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтан қаласында Алаш тасжолында автокөлік қар құрсауында қалды. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар көлік иесін құтқарды.
Арқалық қаласында "Арқалық-Торғай" автожолында 4 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. ТЖД қызметкерлері 15 адамды құтқарып, қалаға жеткізді.
ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал.
"Дәрмен" мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы және дабылды ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны – 112.
Жаңалықтар
0