АЛМАТЫ, 13 ақпан — Sputnik. Жақында "Сергек" жұмысына қосымша функция енгізілді, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне белгіленген жол жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертті. Елорданың қиылыстарында "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері қандай жаңа бұзушылықтарды тіркей бастағаны туралы айтты.
"Бүгінде Нұр-Сұлтанның 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өтетін жерінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" бұзушылығын анықтау бойынша "Сергек"аппараттық-бағдарламалық кешенінің қосымша функциясы енгізілді. Бұл жаңашылдық "жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қол алынды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Реттелетін жерде жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 38 жағдайы және реттелмейтін жерлерде 60 жағдайы тіркелді.
Салдарынан 100-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуг, жүргізушілерге жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетге кеңес берді.