Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда "Сергек" жұмысына тағы бір функция енгізілді

© Sputnik / Болат ШайхиновВидеокамеры
Видеокамеры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2022
Жазылу
"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері қалалық жол қиылыстарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады
АЛМАТЫ, 13 ақпан — Sputnik. Жақында "Сергек" жұмысына қосымша функция енгізілді, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне белгіленген жол жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертті. Елорданың қиылыстарында "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері қандай жаңа бұзушылықтарды тіркей бастағаны туралы айтты.
"Бүгінде Нұр-Сұлтанның 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өтетін жерінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" бұзушылығын анықтау бойынша "Сергек"аппараттық-бағдарламалық кешенінің қосымша функциясы енгізілді. Бұл жаңашылдық "жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қол алынды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 көлік оқиғасы болғанын атап өтті. Реттелетін жерде жаяу жүргіншілерді қағып кетудің 38 жағдайы және реттелмейтін жерлерде 60 жағдайы тіркелді.
Салдарынан 100-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына бір-біріне өзара құрмет көрсетуг, жүргізушілерге жаяу жүргіншіні көргенде жылдамдықты төмендетге кеңес берді.
Сергек камералары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2020
Инфографика
Қазақстанда "Сергек" қай жерде бар
Жаңалықтар
0