Қоғам

Бес мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды - комитет

Барлығы 12 мыңнан астам сотталған амнистияға ілігеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңға қол қойылған күннен бастап 945 адам жазадан босатылды, тағы 1 102 сотталғанға жазаның өтелмеген мерзімін қысқартылды, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Соттың шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар бірден босатылады. Бұған дейін өткен рақымшылықтар қаулының заңды күшіне енуін күтуді көздейтін. Сондай-ақ, сотталғандар 15 күн өткеннен кейін ғана босатылатын.

"Жазадан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрғандардың саны 1 741 адам. Соттар жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту туралы шешімді 1,7 мың есепке алынған адамға қатысты қабылдады", - делінген хабарламада.

Айта кетері, рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға, әйелдер мен егде жастағылар, мүгедектігі бар адамдарға (1 және 2-топтар) қатысты.
Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам адам отыр.
Өңірлер
Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды