НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Құтқарушыларға Жылыой ауданындағы ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 12 ақпанда келіп түскен.
"66 жастағы бақташы 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, әлі күнге дейін қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде жүргізілді", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінде.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері мен бір жергілікті тұрғын қатысқан, деп жазды Mgorod.kz.