Қаңтар оқиғасы

Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр

Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 ақпан — Sputnik. Сағат 12 шамасында Алматыда Республика алаңында бірқатар азаматтық белсенді ұйымдастырған митингі басталды. Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған.
Сондай-ақ жиналғандар тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап етіп отыр.
Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн
Митингке қатысушылардың арасында Жанболат Мамай, Болат Әбілов және басқа да бірқатар қоғам қайраткері болды, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.
Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн.
Шараға жүзге жуық адам жиналды
"Митингіге қатысушылар қаза болғандардың, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқан адамдардың суреттерін ұстаған. Олардың "Бостандықты талап етеміз" деген даусы естіледі", - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласындағы Республика алаңынан.
Оның айтуынша, шараға жүзге жуық адам қатысуда. Полиция қоршауға алмаған.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөздерінде белсенділер Жанболат Мамай, Болат Әбілов және тіркелмеген "El Tiregi" партиясының өкілі, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев оппозициялық партияларға тіркелуге мүмкіндік беретін заңдарды өзгертуді талап етеді. Сондай-ақ, олар 2022 жылы қаңтарда Республика алаңында қаза тапқандарға ескерткіш орнату қажеттігі туралы айтты. Билікті жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың барлығын босатуға шақырды.
Жиналғандар "Халық террорист емес" деген жазуы бар үлкен плакат ұстап тұрды.
Алматыдағы митинг
Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметі митинг келісілмегенін айтты. Ведомствоға ешкім хабар бермеген.
Қоғам
"Менің үйім емес, өртене берсін": алматылық әйел бүлік болған күнді еске алды