https://sputnik.kz/20220213/almatyda-qantardagy-bulik-miting-22746920.html
Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр
Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн 13.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-13T11:21+0500
2022-02-13T11:21+0500
2022-05-23T15:57+0500
алматы
митинг
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0d/22748174_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2a86ff2a5f54b6858d8d1f715ac2e694.jpg
АЛМАТЫ, 13 ақпан — Sputnik. Сағат 12 шамасында Алматыда Республика алаңында бірқатар азаматтық белсенді ұйымдастырған митингі басталды. Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған.Сондай-ақ жиналғандар тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап етіп отыр.Митингке қатысушылардың арасында Жанболат Мамай, Болат Әбілов және басқа да бірқатар қоғам қайраткері болды, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн."Митингіге қатысушылар қаза болғандардың, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқан адамдардың суреттерін ұстаған. Олардың "Бостандықты талап етеміз" деген даусы естіледі", - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласындағы Республика алаңынан.Оның айтуынша, шараға жүзге жуық адам қатысуда. Полиция қоршауға алмаған. Жиналғандар алдында сөйлеген сөздерінде белсенділер Жанболат Мамай, Болат Әбілов және тіркелмеген "El Tiregi" партиясының өкілі, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев оппозициялық партияларға тіркелуге мүмкіндік беретін заңдарды өзгертуді талап етеді. Сондай-ақ, олар 2022 жылы қаңтарда Республика алаңында қаза тапқандарға ескерткіш орнату қажеттігі туралы айтты. Билікті жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың барлығын босатуға шақырды.Жиналғандар "Халық террорист емес" деген жазуы бар үлкен плакат ұстап тұрды.Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметі митинг келісілмегенін айтты. Ведомствоға ешкім хабар бермеген.
https://sputnik.kz/20220123/almaty-bulikshiler-areket-19201475.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0d/22748174_120:0:1080:720_1920x0_80_0_0_b362547387e7e83639131f43f92584b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, митинг
Алматыда қаңтардағы бүлік кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтіп жатыр
11:21 13.02.2022 (жаңартылды: 15:57 23.05.2022) Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн
АЛМАТЫ, 13 ақпан — Sputnik. Сағат 12 шамасында Алматыда Республика алаңында бірқатар азаматтық белсенді ұйымдастырған митингі басталды. Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналған.
Сондай-ақ жиналғандар тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша ұсталғандарды азаптауды тоқтатуды талап етіп отыр.
Митингке қатысушылардың арасында Жанболат Мамай, Болат Әбілов және басқа да бірқатар қоғам қайраткері болды, деп хабарлайды оқиға орнынан
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Митинг Құран оқудан басталды. Бүгін 227 адам қаза тапқан қайғылы оқиғалардың болғанына 40 күн.
"Митингіге қатысушылар қаза болғандардың, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық істер бойынша тергеліп жатқан адамдардың суреттерін ұстаған. Олардың "Бостандықты талап етеміз" деген даусы естіледі", - деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласындағы Республика алаңынан.
Оның айтуынша, шараға жүзге жуық адам қатысуда. Полиция қоршауға алмаған.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөздерінде белсенділер Жанболат Мамай, Болат Әбілов және тіркелмеген "El Tiregi" партиясының өкілі, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев оппозициялық партияларға тіркелуге мүмкіндік беретін заңдарды өзгертуді талап етеді. Сондай-ақ, олар 2022 жылы қаңтарда Республика алаңында қаза тапқандарға ескерткіш орнату қажеттігі туралы айтты. Билікті жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың барлығын босатуға шақырды.
Жиналғандар "Халық террорист емес" деген жазуы бар үлкен плакат ұстап тұрды.
Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдіктің баспасөз қызметі митинг келісілмегенін айтты. Ведомствоға ешкім хабар бермеген.