Қоғам

Адамдар әлеуметтік желіде неге сағаттап отырады

Америкалық ғалымдар адамдар неге әлеуметтік желіде қысқа видеоларды көріп, уақыттың жылдам өтіп кеткенін неліктен байқамай қалатынын анықтады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Ғалымдар адамдар әлеуметтік желіде видеоны жиі көрген сайын тағы көре бергісі келетінін айтты.
Корнелль университетінен Кейтлин Вулли мен Уортон бизнес-мектебінен Марисса Шариф алты жарым мың адамға сауалнама жүргізіп, олар неге бірнеше сағатты әлеуметтік желіде өткізетінін анықтады.
Анықталғандай, адам видеоны көп көрген сайын тағы көре бергісі келеді. Зерттеу авторларының есебі бойынша, 5 видеоны көргеннен кейін тағы көруге деген құлшыныс 10%-ке артады.
Сонымен қатар ол видеолар мән-мазмұны бойынша бір-біріне ұқсас болады. Бұл әдет адамдарға қайтадан өз ісіне оралуға кедергі болады. Бір тақырыптағы видеоларды көруді ми таныс әрі қолжетімді міндет түрінде қабылдайды.
Мысалы, видео көруді күнділікті шаруаларымен үйлестіре алатын адам басқа тақырыптағы контентке оңай ауыса алады.
Қоғам
Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды