Өңірлер

Сүйіктісіне ұсынысты ерекше жасаған тараздықтың видеосы пайда болды

Ол ұсыныс жасаған сәтті тамашалауға адамдар жиналып қалған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде сүйіктісіне ұсыныс жасаған тараздықтың видеосы тарап жатыр.
Кадрларға қарағанда, видео М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне қарама-қарсы маңда түсірілген. Сүйіктісін таңдандыру үшін ер адам нағыз отты шоу ұйымдастырды.
Ол "Выходи за меня" деп жазып қойған, әріптер лапылдап жанып жатыр. Сондай-ақ, жігіт гүл жапырақтарынан жүрек жасаған.
Қыздың ұсынысты қабылдауға келіскен-келіспегені белгісіз.
Өңірлер
Ақтауда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды – видео