Өңірлер

Ақтауда сүйіктісіне ұсыныс жасаған жігіт біртүрлі жағдайда қалды – видео

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Свадебные кольца, архивное фото
Свадебные кольца, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Ер адамның жасаған тосынсыйы жұрттың көңілінен шықты. Бірақ бойжеткен айтарлықтай риза бола қойған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Ақтау тұрғыны сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. Алайда бойжеткен неке жүзігін алудан бас тартты.

"Лада" өңірлік порталының хабарлауынша, ер адам кинотеатрмен келіскен. Фильм аяқталған соң экранға бойжеткеннің суреттері шықты. Өзге келушілер романтикалық сәтке куә болды. Кейбірі камераға түсірді.

"Экранда қыздың фотолары пайда болды. Әдемі музыкамен видео көрсетілді. Кейін экран бұрышынан фейерверк басталды. Бұдан соң жігіт сүйіктісін шақырып, бір шоқ гүл тарту етті", - деді қала тұрғыны Гавриил Кулеш.

Алайда мұның бәріне қарамастан, бойжеткен "жоқ" деп жауап берді.

"Олар екеуі бір нәрсені талқылады. Кейін жігіт сүйіктісі келіспегенін айтты", - дейді Гавриил Кулеш.

Желіде тараған видеода адамдар жігітке қолдау көрсетіп жатқаны естіледі.

Жаңалықтар
0