НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан - Sputnik. Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті.
Агенттіктің сайтында хабарланғандай, оның еңбек шартының мерзімі аяқталған.
"Бекхожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті", - делінген ақпаратта.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Бұған дейін ол Бекхожиннің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
Ринат Кертаев
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Бекхожин 2019 жылдан бастап "Хабардың" басқарма төрағасы қызметін атқарды. Бұрын ол "Жеті күн" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі, "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық филиалының директоры, "Литер Media" ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеген.
2009 жылдан 2019 жылға дейін Президент телерадиокешенінің бас директоры болған.
Бұдан соң екі жыл "Хабар" ұжымына басшылық етті.