Қоғам

Бекхожин "Хабардың" басқарма төрағасы қызметінен кетті

© Sputnik / Болат ШайхиновГенеральныйдиректор АО "Телерадиокомплекс (ТРК) Президента РеспубликиКазахстан", президент "Клуба главных редакторов" Ерлан Бекхожин
Генеральныйдиректор АО Телерадиокомплекс (ТРК) Президента РеспубликиКазахстан, президент Клуба главных редакторов Ерлан Бекхожин - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Ол бұл қызметті соңғы екі жыл бойы атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан - Sputnik. Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті.
Агенттіктің сайтында хабарланғандай, оның еңбек шартының мерзімі аяқталған.
"Бекхожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті", - делінген ақпаратта.
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Бұған дейін ол Бекхожиннің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
© Sputnik / Дәурен ЕрболатРинат Кертаев
Хабар агенттігі АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Ринат Кертаев
Бекхожин 2019 жылдан бастап "Хабардың" басқарма төрағасы қызметін атқарды. Бұрын ол "Жеті күн" ("Хабар") бағдарламасының жүргізушісі, "Мир" телерадиокомпаниясының қазақстандық филиалының директоры, "Литер Media" ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеген.
2009 жылдан 2019 жылға дейін Президент телерадиокешенінің бас директоры болған.
Бұдан соң екі жыл "Хабар" ұжымына басшылық етті.
Заведующая отделом внутренней политики Администрации Президента РК Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Қоғам
Аида Балаева журналист пен Бекболат Тілеухан арасындағы жанжалға пікір білдірді
Жаңалықтар
0