Өңірлер

Алматы облысында үшем дүниеге келді

Панфилов ауданының тұрғыны дүниеге екі қыз және бір ұл бала алып келді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Алматы облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет дүниеге салмағы 2145 гр және 1470 гр екі қыз бал және салмағы 2050 гр ұл бала келді.
Сәбилер жүктіліктің 34 аптасында туды.
"Анасына кесарь тілігі жасалды. Оларды перзентханада екі апта бойы бақылауда ұстадық. Үшемдер Тайиповтар отбасының тұңғыштары. Қазір барлығының жағдайы бірқалыпты",- деді Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың директоры Эльмира Ахметова.
Панфилов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Әбдіғалымов үшемге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
"Сонымен қатар оларды балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз",- деді бас дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 10 ақпанда Шығыс Қазақстанда да үшем дүниеге келген болатын.
Өңірлер
Атыраудағы сәбилер өлімі: қайғыдан қан жұтқан аналар перзентхананы тексеруді талап етті