Өңірлер

Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

© Photo : Пресс-служба управления здравоохранения Востояно-Казахстанской области Тройняшки "из пробирки" появились на свет в Семее
Тройняшки из пробирки появились на свет в Семее - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2022
Жазылу
Ерлі-зайыпты "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында сәбилі болды
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Биылғы алғашқы үшем Семей қаласында дүниеге келді.
"Дәрігерлердің сөзінше, анасының жүктілігі қалыпты өтті. Сәбилер жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Олардың салмағы 2 кг 280 гр, 2 кг 300 гр және 2 кг 200 гр. Бұл үшемдер үшін өте жақсы көрсеткіш", - деді Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сәбилердің анасы 32 жаста. Жұбайы екеуі балалы болуды он жылдан артық күткен. Олардың арманы "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында орындалды.
Шығыс Қазақстанда экстрокорпоралды ұрықтандыру кезегінде 852 әйел тұр. Оның 500-і квотаны алды. Биыл 488 жұп жасанды ұрықтандыруға жүгінеді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Дерекқор
Қазақстандықтар "Аңсаған сәби" бағдарламасына қалай қатыса алады
Жаңалықтар
0