Әлем

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиевадан допинг табылды

Ресейдің Олимпиада комитетінің құрамасы командалық турнирдегі алтынынан айырылуы мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, қысқа және еркін қойылымдар бағдарламасының рекордшысы Камила Валиева антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінді, деп хабарлады "Спорт-Экспресс".
Алдын ала болжам бойынша оның допинг бойынша сынамасынан триметадизиннің микродозасы анықталды. Сынаманы 15 жастағы спортшы 2021 жылдың желтоқсан айында тапсырған. Триметадизин мельдониге ұқсас қалпына келуге көмектесетен препарат.
Триметадизин жарыс кезінде күш бермейді, дегенмен оған тыйым салынған.
Басылымның хабарлауынша, Камила Валиева жарыстан шеттетіледі. Ол жеке өнер көрсету турниріне дейін жарыс алаңына шықпайды.
Ресейдің Олимпиада комитетінің құрамасы да командалық турнирдегі алтынынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Олимпиадада алтынға қол жеткізген Ресей құрамасына қатысты шу шықты