https://sputnik.kz/20220209/olimpiada-resey-quramasy-22656531.html
Олимпиадада алтынға қол жеткізген Ресей құрамасына қатысты шу шықты
Олимпиадада алтынға қол жеткізген Ресей құрамасына қатысты шу шықты
Sputnik Қазақстан
Турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылған 09.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-09T18:05+0500
2022-02-09T18:05+0500
2022-02-09T18:05+0500
әлем
қысқы олимпиада
мәнерлеп сырғанау
ресей
https://sputnik.kz/img/996/15/9961576_0:286:3000:1974_1920x0_80_0_0_faa2dd99f24f7972dea98abdd9e87353.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Бейжің Олимпиадасында командалық жарыста жеңіске жетті. Олардың қорындағы ұпай америкалықтардан 9 баллға артық.Сегізінші ақпанда медальді беру салтанаты өтуге тиіс болған. Алайда оны турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылғандықтан кейінге шегерді.Спортшының нақты қай құрамадан екені белгісіз. Бұл туралы әзірге ресми мәлімет таратылған жоқ. Ол Ресейдің, АҚШ-тың немесе Жапонияның спортшысы болуы мүмкін.Батыстағы БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, оның ресейлік спортшы екенін жазуда.Сонымен қатар сынамада ненің анықталғаны да белгісіз. Өйткені допинг үшін спортшы жарыстан бірден шеттетіледі.Алайда ресейліктерді сайыстан шеттету туралы бірде-бір хабарлама болған жоқ. Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағындағылар жағдайды жуық арада шешуге тырысып жатқандарын ғана айтқан. Алайда одақтың кеңесі осымен екінші тәулікке созылды.Ресейлік бапкерлер мен шенеуніктер, сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағының шешімін күтуге шақырды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/996/15/9961576_255:0:2922:2000_1920x0_80_0_0_8594b91e7640ebf9f42d4511c89d644e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қысқы олимпиада, мәнерлеп сырғанау, ресей
қысқы олимпиада, мәнерлеп сырғанау, ресей
Олимпиадада алтынға қол жеткізген Ресей құрамасына қатысты шу шықты
Турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылған
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Бейжің Олимпиадасында командалық жарыста жеңіске жетті. Олардың қорындағы ұпай америкалықтардан 9 баллға артық.
Сегізінші ақпанда медальді беру салтанаты өтуге тиіс болған. Алайда оны турнирге қатысушылардың бірінің сынамасынан күдікті зат табылғандықтан кейінге шегерді.
Спортшының нақты қай құрамадан екені белгісіз. Бұл туралы әзірге ресми мәлімет таратылған жоқ. Ол Ресейдің, АҚШ-тың немесе Жапонияның спортшысы болуы мүмкін.
Батыстағы БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, оның ресейлік спортшы екенін жазуда.
Сонымен қатар сынамада ненің анықталғаны да белгісіз. Өйткені допинг үшін спортшы жарыстан бірден шеттетіледі.
Алайда ресейліктерді сайыстан шеттету туралы бірде-бір хабарлама болған жоқ. Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағындағылар жағдайды жуық арада шешуге тырысып жатқандарын ғана айтқан. Алайда одақтың кеңесі осымен екінші тәулікке созылды.
Ресейлік бапкерлер мен шенеуніктер, сонымен қатар президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Конькимен жүгірушілердің халықаралық одағының шешімін күтуге шақырды.