Білім

Оқушылар мен студенттердің оқу форматына қатысты жаңа қаулы шықты

Барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт екені айтылды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.

"Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі 2022 жылдың 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомствоға тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін", - делінген құжатта.

Алайда барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт.
Сондай-ақ, Есмағамбетова эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды. Бас санитар қаулысының толық мәтіні мына жерде жарияланған.
8 ақпанда Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептердің толық офлайн оқыту форматына көшуі туралы мәселе талқыланған болатын.
Үшінші тоқсан басталғалы жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алды, енді елдегі барлық бала мектеп партасына оралады.
Өңірлер
Қостанайда төрт баланы өрттен құтқарған оқушы сыйлықтың астында қалды