Өңірлер

Қостанайда төрт баланы өрттен құтқарған оқушы сыйлықтың астында қалды

© Photo : Пресс-служба акима Костанайской области Аким Костанайской области передал мальчику-герою благодарность президента
Аким Костанайской области передал мальчику-герою благодарность президента  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
"Allur" компаниялар тобы мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда төрт баланы өрттен құтқарған бесінші сынып оқушысы Олег Пирогқа көлік кілті табысталды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arhımed Mýhambetov (@arkhimed_mukhambetov)

"Бүгін "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алаңында "Allur" компаниялар тобы мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, Олег Пирогқа отандық Chevrolet Nexia автокөлігінің кілтін табыстады. Өз кезегінде, мен Олегке Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыстадым, сондай-ақ Олег Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, ал Олегтің анасы Валентина Пирог анасы ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды", - деп жазды ол.
Облыс басшысының айтуынша, ел президенті оқушыға ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты. "Осындай жас кезіңде сен нағыз ерлік жасадың, қайғыға батқан балаларға батылдықпен және ойланбастан көмекке келдің, үлкен қасіреттің алдын алдың", - деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Олег ата-анасына балаларды лайықты тәрбиелегені үшін тағы да алғыс айтамын. Олегтің әрекеті балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де үлгі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке "Allur" компаниясына алғысымды білдіргім келеді", - деді Мұхамбетов.
Сондай-ақ облыс басшысы өрт салдарынан баспанасынан айырылған Өмірзақовтар отбасына Қостанай қаласынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Оқи отырыңыз:

 
Жаңалықтар
0