Өңірлер

Тағы бір облыс "қызыл" аймақтан шықты

"Қызыл" аймақта екі қала мен алты облыс қалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. 10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес, тағы бір облыс "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ойысты. Кешегі мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан "қызыл" аймақта тұрған болатын.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Қоғам
Иммунолог коронавирус қашан бәсеңдейтіні туралы айтты