АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Бүгін, 9 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және шорт-тректе өнер көрсетеді.
Спортшылар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша төмендегі кесте бойынша жарыс жолына шығады:
11:45-те тау шаңғысы бойынша Александра Троицкая өнер көрсетеді.
14:00 және 17:00-де ерлер шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров шығады.
17:00, 18:29 және 19:13-те ерлер шорт-трегінде 1 500 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша жүлде үшін тартысады.
17:44-те әйелдер шорт-трегінде 1 000 метр қашықтықта Ольга Тихонова шығады.
Айта кетері, Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 3 ақпанда басталды. 2022 жылғы Олимпиадаға республикадан барлығы 34 спортшы қатысады.