Мужчина проходит мимо инсталляции «Пекин 2022» в преддверии зимних Олимпийских игр 2022 года в Пекине, Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді

Бейжің-2022: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында жүлдесіз қалды

© olympic.kzБейжің-2022: қазақстандық шаңғышылар
Бейжің-2022: қазақстандық шаңғышылар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысты
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) бәсекесі аяқталды, деп хабарлады ұлттық олимпиада комитеті.
30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысты. Қазақстандық Виталий Пухкало төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған.
"Жол ауыр болды. Қардың құрылымы толықтай сырғанауға мүмкіндік бермейді, сондықтан шаңғы жылдам қозғалмады. Қиын болды. Қолымнан келгенше тырыстым. Бастысы мәреге дейін жеттім, өзім үшін жақсы нәтиже көрсеттім. Қарсыластарым мықты болды", - деді Пухкало.
Тағы бір қазақстандық спортшы Евгений Величко жарысты аяқтай алмады.
Скиатлоннан Олимпиада чемпионы атағын ресейлік Александр Большунов жеңіп алды. Күміс медальді оның отандасы Денис Спицов иеленсе, қола медальді финляндиялық Ийво Нисконен еншіледі.
Айта кетері, 5 ақпанда шаңғы жарысынан әйелдер арасында скиатлон бойынша дода аяқталды.
Жарыс нәтижесі бойынша Ксения Шалыгина 50.37.7 көрсеткішімен 48-орыннан көрінді. Ангелина Шурыга 49-орында (50.55.3), Валерия Тюленова 51-орында (51.30.8), ал Надежда Степашкина 58-орынға (53.35.3) тұрақтады.
Скиатлон бойынша норвегиялық Тереза Йохауг Олимпиада алтынына ие болды. Ресейлік Наталья Непряева күміс, австриялық Тереза Штадболдер үздік үштікті қорытындылады.
Сборная Казахстана на открытии Олимпиаде в Пекине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Бейжің Олимпиадасы
Бейжің Олимпиадасы: 6 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады
Жаңалықтар
0