НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Алматылық Мақпал Нұрлан төрт айдан астам уақыт бойы жаңа сәбиінің қыз екенін дәлелдей алмады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Қаладағы перзентханалардың бірінде қыркүйек айында дүниеге келген баланың жынысы құжаттарда қате көрсетіліпті. Сол сәттен бастап қыздың ата-анасы туу туралы куәлікті дұрыстай алмай қалды.
"Тіпті әкімдікке дейін хабарластым, ешкім жауап бермеді. Кейін Nur Otan партиясының көмегіне жүгіндім. Ол перзентхананың қателігін он күнде түзетіп, бүгін бізге туу туралы куәлік берді. Көмектеріңіз үшін көп рахмет! ", - деді қыздың анасы.