Оқиға

Алматы облысында босанған әйел мен нәресте өлімінен кейін шу шықты – видео

CC0 / Pixabay / Беременная женщина сложила руки на животе
Беременная женщина сложила руки на животе - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Іске облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаменті араласты, олар сараптама нәтижесін күтіп отыр

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. Алматы облысының Сарыөзек ауылының ауруханасында әйел мен оның жаңа туған нәрестесі қайтыс болды. Марқұмның туыстары осы дерек бойынша қылмыстық тергеу жүргізуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жақында әлеуметтік желіде әйелі мен баласының қазасы туралы айтқан ер адамның видеосы тарады. Ол бірінші қазанда төртінші сәбиіне жүкті әйелін аудандық перзентханаға әкелген. Бір аптадан кейін әйел белгісіз себептен босану кезінде қайтыс болды.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 37 жастағы әйел жүктіліктің 41-аптасында Кербұлақ аудандық ауруханасының перзентханасына түскен.

"Ауруханада жүкті әйел қатаң бақылауда болған. 7 қазанда күндіз сағат екіде тұрақты толғағы басталған. Ал 18.40-та ауырсыну, бас айналу және әлсіздік бар екенін айтып шағымданған. Әйелге дереу кесарь тілігі жасалды, сол кезде үш рет жүрек қызметі тоқтаған. Қарқынды терапияға қарамастан, науқастың жүрегі тоқтап, 21.45-те дәрігерлер қайтыс болғанын тіркеді", - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Оның сөзінше, кесарь кезінде бала өлі туған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Кербұлақ ауруханасында тексеру жүргізген.

Облыстық полиция департаменті жағдайдың бақылауда екенін, сараптама нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеді. Соған байланысты процессуалдық шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0