Қаңтар оқиғасы

Жамбыл облысында қаңтар оқиғаларынан кейін 82 адам қамауда отыр

Өңірде қаңтар оқиғалары кезінде жеті мемлекеттік ғимаратқа, 25 кәсіпкерлік нысанына зақым келген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 82 адам қамауда отыр. Бұл туралы өңір әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде барлығы 1587 адам полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олардан жауап алынғаннан кейін 905-сі бірден босатылды. 600 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір 82 адам қамауда, 23 адамның апелляциясы қанағаттандырылды", - деді Сапарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, қаңтар оқиғалары кезінде жеті мемлекеттік ғимаратқа, 25 кәсіпкерлік нысанына зақым келген. Жалпы шығын 11,5 миллиард теңгені құрады. Оның 9 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 1,8 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, қалғаны демеушілер есебінен бөлінеді.
Әсіресе полиция департаменті, әкімшілік ғимараттары, Nur Otan партиясы филиалдары қатты зардап шекті. Әзірге кәсіпкерлерге екі миллион теңге өтемақы төленді.
Қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына 10 милион теңге төленді.
Қаңтар оқиғасы
Қаңтардағы бүлікке 1 ай: зардап шеккен қалалардың қазіргі жай-күйі