Саясат

Тоқаев 10-11 ақпанда Ресейге барады

Ол Ресейде Владимир Путинмен кездеседі, кейін Казань қаласына барады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлады "Коммерсант".
Мемлекет басшысы алдымен Мәскеуде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездеседі, кейін Казань қаласына барады деп хабарланды.
Бұған дейін Тоқаев Ресейде маңызды құжаттарға қол қоятынын айтқан болатын.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратынын хабарлады.
"10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады. 11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Президент: кеден бекетіндегі былықты жөнге келтірмесе, салдары қиын болады
"Үкімет неге көз жұмып отыр?": Тоқаев министрліктің былығын ашты