Өңірлер

Тоқаев "Алтын Орда" базарын тәртіпке келтіруді тапсырды

Президент бұл жұмысты үкімет пен Алматы облысы және Алматы қаласының әкіміне тапсырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі айдың ішінде базарларды делдалдардан тазартуға тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне "Алтын орда" базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз "майшелпекке" айналған", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін жеткізді.
"Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Қоғам
Президент Досаевқа: Алматы жұртшылығымен өте тығыз жұмыс істеу керек