АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімнен кетіп қалды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында мерзімді борышын өтеп жүрген екі әскери қызметші әскери бөлімді өз бетімен тастап кетті. Өздерімен бірге қару болмаған", - делінген ақпаратта.
Қазір әскери полиция органдарымен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Өзге мәліметтер жарияланбайды, деп мәлімдеді министрлік.