Оқиға

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

Әскери бөлім - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша оларда өздерімен бірге қару-жарақ жоқ
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Қарағанды гарнизонының сарбаздары әскери бөлімнен кетіп қалды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында мерзімді борышын өтеп жүрген екі әскери қызметші әскери бөлімді өз бетімен тастап кетті. Өздерімен бірге қару болмаған", - делінген ақпаратта.
Қазір әскери полиция органдарымен және облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Өзге мәліметтер жарияланбайды, деп мәлімдеді министрлік.
әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2021
Оқиға
Қорғаныс министрлігі бойына "жын кірген" сарбазға қатысты пікір білдірді - видео
Жаңалықтар
0