АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Қарағандыда әскери бөлімді өз бетінше тастап кеткен сарбаздар табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің орналасқан жері белгілі болды.
Қазір әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, бұған дейін 2022 жылдың 8 ақпанында Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткені хабарланды. Олардың өзімен бірге қаруы болмаған.
Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.