Оқиға

Талғарда мас жүргізушінің кесірінен үш бала зардап шекті – видео

Subaru legacy көлігінде ерлі-зайыпты мен үш бала болды. Бір баладан басқасы жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Талғар ауданында үш көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі балалар.
Жол апатының видосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Ондағы мәліметке сүйенсек, Алматы-Табаған тас жолында Mercedes-Benz, Toyota Estima мен Subaru legacy соқтығысқан. Автордың айтуынша, жол апаты рөлге мас күйінде отырған Mercedes көлігі жүргізушісінің кесірінен болған.
"Subaru legacy көлігінде ерлі-зайыпты мен үш бала болды. Көліктегілер бір баладан басқасы түгел жансақтау бөлімінде жатыр", - делінген видео астындағы ақпаратта.
Алматы облыстық полиция департаменті жол апаты Талғар ауданында 6 ақпанда болғанын растады. Алдын ала болжам бойынша апатқа қарсы бағытқа шығып кетіп, екі көлікпен соқтығысқан Mercedes-Benz көлігінің 69 жастағы жүргізушісі кінәлі.
"Жол апаты салдыранан алты адам зардап шекті. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі де ауруханаға түсті. Талғар ауданының ауруханасына Subaru көлігінің 40 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы жеткізілді. Зардап шеккендердің үшеуі кәмелетке толмаған",- делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкен-ішпегені анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Жеті адам зардап шекті: елордада BMW жүргізушісі апат орнынан қашып кетпек болды – видео