https://sputnik.kz/20220206/elorda-bmw-video-22565023.html
Жеті адам зардап шекті: елордада BMW жүргізушісі апат орнынан қашып кетпек болды – видео
Жеті адам зардап шекті: елордада BMW жүргізушісі апат орнынан қашып кетпек болды – видео
Sputnik Қазақстан
Жол апатына кінәлі азамат мас болған 06.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-06T15:23+0500
2022-02-06T15:23+0500
2023-08-10T11:58+0500
елорда
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/18/15825369_0:92:3317:1957_1920x0_80_0_0_d0d029979429aff54e4263cd380b962b.jpg
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, салдарынан жеті адам түрлі дене жарақатымен медицина мекемелеріне жеткізілді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Апат 5 ақпанда шамамен кешкі тоғызда болды. BMW автокөлігінің жүргізушісі Тілендиев даңғылымен Талапкер ауылына қарай баратын жолда рөлді басқара алмай алдымен Toyota Camry көлігімен соқтығысты. Артынша KIA Rio автокөлігімен соқтығысқан. Екі көлік те соққыдан қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. KIA Rio "Лада" маркалы автокөлігімен соқтығысты. Сол уақытта KIA Rio-ны "ВАЗ 21114" көлігі соққан.Полиция BMW автокөлігінің жүргізушісінің "жеңіл күйде" мас болғанын мәлімдеді. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/18/15825369_292:0:3023:2048_1920x0_80_0_0_6615e33e0e49cabea3e9a7881414f09d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, жол апаты
Жеті адам зардап шекті: елордада BMW жүргізушісі апат орнынан қашып кетпек болды – видео
15:23 06.02.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Жол апатына кінәлі азамат мас болған
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, салдарынан жеті адам түрлі дене жарақатымен медицина мекемелеріне жеткізілді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апат 5 ақпанда шамамен кешкі тоғызда болды. BMW автокөлігінің жүргізушісі Тілендиев даңғылымен Талапкер ауылына қарай баратын жолда рөлді басқара алмай алдымен Toyota Camry көлігімен соқтығысты. Артынша KIA Rio автокөлігімен соқтығысқан. Екі көлік те соққыдан қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. KIA Rio "Лада" маркалы автокөлігімен соқтығысты. Сол уақытта KIA Rio-ны "ВАЗ 21114" көлігі соққан.
"BMW автокөлігінің жүргізушісі жол апаты болған жерден жасырынуға тырысып, қарама-қарсы бағытта қозғалып, тағы да Toyota көлігімен соқтығысты. Апаттан кейін түрлі дене жарақатымен жеті адам медицина мекемелеріне жеткізілді, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция BMW автокөлігінің жүргізушісінің "жеңіл күйде" мас болғанын мәлімдеді. Автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.