Қаңтар оқиғасы

Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты ақпаратты бөлісті

,Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиевке қатысты түрлі ақпарат тарап жатқанын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі ұсталғанын хабарлады.
Олар адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған, деп мәлімдеді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.
"Олардың қатарында "Дикий Арман" лақап атымен танымал - Жұмагелдиев және оның топ мүшелері де бар. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, нәтижесінде бір адам қаза болған. Бұдан басқа, қарақшылар 12-ші қалалық ауруханада полиция қызметкерін қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған", - деді ол брифингте.
Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылған немесе оны белгісіз бағытта алып кеткен деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылып жатқанын атап өтті.
"Егер басында бұл азамат заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталған болса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын", - деді
Айтуынша, Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отыр.
Қоғам
"Дикий Арманның" адвокаттары шұғыл мәлімдеме жасады