https://sputnik.kz/20220207/bas-prokuratura-dikiy-arman-22595160.html
Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты ақпаратты бөлісті
Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты ақпаратты бөлісті
Sputnik Қазақстан
,Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиевке қатысты түрлі ақпарат тарап жатқанын айтты 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T19:32+0500
2022-02-07T19:32+0500
2022-05-23T15:24+0500
тәртіпсіздік
бас прокуратура
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_224:199:1486:909_1920x0_80_0_0_186bf390c0731b9176fb987fc25dedf0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі ұсталғанын хабарлады. Олар адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған, деп мәлімдеді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылған немесе оны белгісіз бағытта алып кеткен деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылып жатқанын атап өтті. "Егер басында бұл азамат заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталған болса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын", - деді Айтуынша, Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отыр.
https://sputnik.kz/20220203/dikiy-arman-advokattar-22503970.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_198:169:1185:909_1920x0_80_0_0_02102a6983cafae702f6df2df0a7dd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік, бас прокуратура
тәртіпсіздік, бас прокуратура
Бас прокуратура "Дикий Арманға" қатысты ақпаратты бөлісті
19:32 07.02.2022 (жаңартылды: 15:24 23.05.2022) ,Бас прокуратура өкілі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиевке қатысты түрлі ақпарат тарап жатқанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура қазіргі таңда 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі ұсталғанын хабарлады.
Олар адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған, деп мәлімдеді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.
"Олардың қатарында "Дикий Арман" лақап атымен танымал - Жұмагелдиев және оның топ мүшелері де бар. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, нәтижесінде бір адам қаза болған. Бұдан басқа, қарақшылар 12-ші қалалық ауруханада полиция қызметкерін қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған", - деді ол брифингте.
Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жұмагелдиев босатылған немесе оны белгісіз бағытта алып кеткен деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылып жатқанын атап өтті.
"Егер басында бұл азамат заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталған болса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын", - деді
Айтуынша, Жұмагелдиев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отыр.