НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлдесіщ қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Галышева жарыс жолында қате жіберіп, қорытынды есепте негізгі финалдан тыс қалды.
29 жастағы спортшы 49,74 ұпаймен биылғы Олимпиада ойындарында 11-ші орын алды.
Еске сала кетсек, 2018 жылғы қысқы ойындарда Юлия Галышева қола жүлдегер атанған болатын.
Айта кетері, бүгін әлем үздіктерінің бірқатары жарыс жолында құлап қалды. 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарының күміс жүлдегері Жюстин Дюфур-Лапуант та Бейжің додасын жүлдесіз аяқтады.
Бір күн бұрын Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы Дмитрий Рейхард та үшінші финалға шыға алмады, ол сегізінші орынға жайғасты.