Бүгінде әлеуметтік желіде LRT-ны пайдалануға қатысты сан алуан идея жүр. Тіпті кейбір құрылысшылар шошайып тұрған бағаналарды тегін бұзып беруге дайын екенін де мәлімдеді.
Елорданың урбанистика орталығы LRT жобасының тағдырын талқылауға қызығушылық танытқан көлік қызметкерлерін, инженерлерді, құрылысшыларды, сәулетшілерді, урбанистерді және тағы басқа мамандарды шақырып отыр.
Ұсыныстар мен идеялардың бәрін, жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын орталықтандырылған урбанистика орталығының ресми поштасына жіберуге болады - Centerofurbanism@gmail.com.
Sputnik Қазақстан тілшілері елорда тұрғындары мен қонақтарынан "жемқорлық ескерткішінің" болашағына қатысты не ойлайтынын және оны қалай іске жаратуға болатынын сұрады.