https://sputnik.kz/20211214/Astana-LRT-bostandyq-18891379.html
"Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
"Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Sputnik Қазақстан
2020 жылдың мамырында Талғат Әшім жеті жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ содан кейін оған және басқа алты айыпталушыға қатысты үкім жойылды 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T09:26+0500
2021-12-14T09:26+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
астана lrt
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_0c141bdaa5b679419a1e1e581dd0cb20.jpg
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. "Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың бірі Талғат Әшім бостандыққа шықты. Бұл туралы Әшімді сотта қорғаған адвокат Джохар Өтебеков мәлімдеді.Айта кетері, Astana Innovations басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім 2021 жылдың мамырында жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Күзде үкімнің күші жойылды, алайда сотталғандар әлі де болса тергеу изоляторында болды.Сондай-ақ Өтебеков Талғат Әшіммен бірге тағы бір сотталушының қолхат беріп босатылғанын айтты. Ал бес адам қазір тергеу изоляторында.Джохар Өтебеков LRT ісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесіне де түсініктеме берді."Бізде АҚШ-пен арада келісім болмағандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астана әкімінің орынбасары Сұлтанбековты Манхэттеннен ұстай алмайтынын айтты. Қазақстан ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялағанына 4 жыл болды. АҚШ онсыз да бізге қылмыскерлерді берді. Енді бұл тіпті оңай болып отыр. Агенттіктің мәлімдемесінен тағы не түсіндім? Сұлтанбековті Интерполдың базасына енгізбегені белгілі болды"- деп жазды адвокат.Оқи отырыңыз: Депутат LRT-ның ақшасын жымқырғандар Нью-Йоркте алаңсыз өмір сүріп жатқанын айтты Айта кетері, 13 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Интерпол сайтында "Астана LRT" жобасын іске асыру кезінде жасалған ұрлыққа қатысты істің басты фигуранттарының жоқтығын Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ішкі ережелерімен байланыстырды. Ережеге сәйкес, қылмыс жасаған адамдар үлкен қоғамдық резонанс тудырса, сондай-ақ қоғамға үлкен қауіп төндірген жағдайда Интерполдың жария веб-сайтында қылмыскерді іздеу туралы мәліметтер жарияланады.Ведомствоның мәліметінше, Талғат Ардан Түркияда, ал Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та жасырынып жүр."Астана LRT" ісі"Астана ЛРТ" ісі бойынша сот процесі Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың күзінде басталды. Іске жеті адам тартылды, оларға 5,8 миллиард теңге (13 миллион доллардан астам) көлемінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Іске қатысқан тағы екі адам – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.Үкім 2021 жылдың мамырында шығарылды. Жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "НұрТрейд" ЖШС ("Астана LRT"-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Улугбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды.Ал "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_be26900cbf0a3ce4f62c48163b317c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана lrt, ұрлық
"Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
09:26 14.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 2020 жылдың мамырында Талғат Әшім жеті жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ содан кейін оған және басқа алты айыпталушыға қатысты үкім жойылды
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. "Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың бірі Талғат Әшім бостандыққа шықты. Бұл туралы Әшімді сотта қорғаған адвокат Джохар Өтебеков мәлімдеді.
"Менің клиентім Талғат бостандыққа шықты! Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Бізді қолдағандардың барлығына рахмет! Бұл өмірдегі керемет және қиын жеңіс!"- деп жазды Өтебеков Facebook парақшасында.
Айта кетері, Astana Innovations басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім 2021 жылдың мамырында жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Күзде үкімнің күші жойылды, алайда сотталғандар әлі де болса тергеу изоляторында болды.
Сондай-ақ Өтебеков Талғат Әшіммен бірге тағы бір сотталушының қолхат беріп босатылғанын айтты. Ал бес адам қазір тергеу изоляторында.
Джохар Өтебеков LRT ісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдемесіне де түсініктеме берді.
"Бізде АҚШ-пен арада келісім болмағандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астана әкімінің орынбасары Сұлтанбековты Манхэттеннен ұстай алмайтынын айтты. Қазақстан ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялағанына 4 жыл болды. АҚШ онсыз да бізге қылмыскерлерді берді. Енді бұл тіпті оңай болып отыр. Агенттіктің мәлімдемесінен тағы не түсіндім? Сұлтанбековті Интерполдың базасына енгізбегені белгілі болды"- деп жазды адвокат.
Айта кетері, 13 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Интерпол сайтында "Астана LRT" жобасын іске асыру кезінде жасалған ұрлыққа қатысты істің басты фигуранттарының жоқтығын Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ішкі ережелерімен байланыстырды. Ережеге сәйкес, қылмыс жасаған адамдар үлкен қоғамдық резонанс тудырса, сондай-ақ қоғамға үлкен қауіп төндірген жағдайда Интерполдың жария веб-сайтында қылмыскерді іздеу туралы мәліметтер жарияланады.
Ведомствоның мәліметінше, Талғат Ардан Түркияда, ал Қанат Сұлтанбеков АҚШ-та жасырынып жүр.
"Астана ЛРТ" ісі бойынша сот процесі Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың күзінде басталды. Іске жеті адам тартылды, оларға 5,8 миллиард теңге (13 миллион доллардан астам) көлемінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Іске қатысқан тағы екі адам – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.
Үкім 2021 жылдың мамырында шығарылды. Жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "НұрТрейд" ЖШС ("Астана LRT"-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Улугбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды.
Ал "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.